Жұма, 09 мамыр, 21:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Әлемнің ең бай адамы өзінің бар дүниесін қайда жұмсайтынын айтты

09.05.2025

38 0

Фото: thetry

Америкалық миллиардер және меценат Билл Гейтс өзінің бар байлығын алдағы 20 жыл ішінде қайырымдылыққа жұмсамақ. Бұл туралы ол өзінің жеке блогында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол соңғы уақытта кәсіпкер Эндрю Карнегидің «Бай болып өлетін адам масқара болып өледі» деген сөзін жиі ой елегінен өткізгенін айтты. Осыдан кейін Гейтс қоғамға көмекті бастапқыда жоспарлағанынан әлдеқайда ерте және көбірек жасауды жөн көрген.

Сондықтан мен ақшамды қоғамға бастапқыда жоспарлағаннан әлдеқайда тез қайтаруды шештім. Алдағы 20 жыл ішінде мен бар байлығымды Гейтс қоры арқылы бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін құтқару және жақсарту мақсатында жұмсаймын, – деп жазды Microsoft компаниясының негізін қалаушы.

Билл Гейтс өз мәлімдемесінде қордың жұмысы 2045 жылдың 31 желтоқсанында, яғни бұған дейін белгіленген мерзімнен ертерек аяқталатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: