Әлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қарауындағы баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған бейнежазбадан тәрбиешінің баланы ары-бері жұлқып, бірнеше рет қол жұмсағанын, басынан ұрғанын көруге болады.
Полицияның дерегінше, бұл оқиға 2024 жылы болған. Алайда бұл жағдай туралы тек биыл 25 қыркүйекте ғана белгілі болды.
“Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден жауап алынып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
