Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 20:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Әлеуметтік жаңғыртудың нәтижесі қандай?

15.12.2025

54 0

фото: ашық дереккөз

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласында жалпы 5,8 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 3,9 миллионы немесе 67,2%-ы электронды түрде (соның ішінде 1,6 миллионы проактивті форматта), ал 1,9 миллионы немесе 32,8%-ы қағаз түрінде ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталында екі мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Біріншісі есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу. Екіншісі мұндай азаматтардың мүлкіне иелік етуге, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуге, сондай-ақ сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.

Сонымен қатар eGov-mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінде «Қамқоршылықты белгілеу туралы мәліметтер» цифрлық құжаты іске қосылды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау, бас тарту, қайта есептеу және тоқтату бойынша қанатқақты жоба да іске асырылды.

Бұрын бұл процестерге кемінде 8 маман қатысып, 3–5 жұмыс күні кететін болса, қазір ақпараттық жүйе бұл қызметті 1 жұмыс күні ішінде орындайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: