Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адам қыздың кофесіне есірткі қосып берген

16.08.2023

390 0

Астаналық бойжеткен желідегі таныстықтан кейін спайкингтің құрбаны болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияға арыз жазған қыз сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтыпты. 

“Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған”, – делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. 

“Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз”, – деп ескертті полиция өкілдері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: