Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік желі дерті

17.06.2023

516 0

Кибербулинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен мессенджерде қорқытып, зорлық көрсету түрі. Көбінесе бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Себебі қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым көрсетілгенін ешкімге айтпайды. Шабуылшының айтқанынан шыға алмай, ата-анасы мен жақынына тіс жармайды. Кибербуллинг кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтың құрбанына айналып, өз-өзіне қол жұмсайды.

Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселеге айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған жандар аз емес.

Алдын алу жолы қандай?

Ғаламтордағы қауіп-қатермен күрес­те ата-ана белсенді болуы керек. Себебі  баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезек­те жауапты ата-аналар. Балаңызға ғалам­тор­дан келетін қауіп-қатерді түсінді­ріп, күмәнді желіден аулақ болуын  қада­ғалағаныңыз жөн.

«Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрсудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, мәселесін айтпайтын болады. Ата-ана бала­мен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндірген жөн. Қам­қорлықты сезінсе баланың сенімі оянып, тығырықтан шығудың жолын іздейді. Бізде көп ата-ана баламен сөйлеспейді. Оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін», – дейді әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова.

Кибербулингтің белгілері қандай?

Ортасында немесе әдеуметтік желіде кемсітушілікті көрген баланың ең әуелі мінез-құлқынан өзгеріс байқалады. Тіпті  мектепке барғысы келмей, ешкіммен әңгіме­лесуге зауқы болмай, көңіл-күйі түсіп жүреді. Бала тұйықталып, өз ойын еркін жеткізбеген жағдайда ата-ана, мұға­лімдер және психолог балаға көмек көр­сетуі керек. Ар-намысының тапталып жатқанын сезген баланың жаны ауырып, психологиялық күйзеліске түседі.

Шынында, баланың бүкіл мінез-құлқы ата-ананың көз алдында. Сондықтан баланы ғаламтор шабуылынан қорғайтын ата-ана. Ата-ана мен мұғалім біріккенде ғана бұл мәселенің шешімі болады.

Назкерімсұлу ӘУБӘКІР,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студеті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: