Сенбі, 24 мамыр, 17:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

Әлеуметтік желінің әсері

20.05.2025

21 0

Бүгінгі ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Ал бұл заманда әлеуметтік желідегі Инстаграм, ТикТок, Фейсбук, Твиттер сынды платформалар  адамдардың пікіріне, көзқарасына, тіпті өмір сүру салтына әсер етуде

 Әлеуметтік желінің басты ерекшелігі – ашықтық пен жылдамдық. Бір жаңалық әп-сәтте мыңдаған адамға тарайды. Бұл жақсы болғанмен кейде қауіпті. Себебі әр адам шындықты тексере бермейді. Жалған ақпараттар адамның шынайы өмірге көзқарасын өзгертіп жібереді.

 Көптеген жастар әлеуметтік желідегі мінсіз өмірге қарап, өз өмірін кем санайды. Бұл – ішкі күйзеліс, өзін төмен бағалау сияқты психологиялық қиындыққа әкелуі мүмкін. Адамдар шынайы болмыстан алыстап, виртуалды әлемге тәуелді бола бастайды.

 Бірақ әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білсек, ол – үлкен мүмкіндік. Бұл – білім алуға, шығармашылықты көрсетуге, өз ойын ашық жеткізуге арналған алаң. Әлемге танылу, табыс табу, түрлі жобаларға қатысу – бәрі осы әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылуда.

 Әлеуметтік желінің әсерін түсініп, оны саналы түрде қолдану керек. Ақпаратты сүзгіден өткізіп оқу, жеке пікір қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану – әрбір адамның мәдениеттілік деңгейін көрсетеді. Адам өзі әлеуметтік желіні дұрыс басқаруы керек. Тек сонда ғана біз виртуалды әлемнің тұтқыны болмай, оның мүмкіндігін толық пайдалана аламыз.

                                                                                Ақжүніс БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ,

                                                         Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

                                                           Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: