Сәрсенбі, 05 ақпан, 16:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты

05.02.2025

23 0

Фото: әлеуметтік желі

Жақында әлеуметтік желілерде ауыр айып тағылып, полицияға жеткізілгені айтылған танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншіге қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен болатын.

Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі жабық форматта қарады. Сот К-ның мас күйде мұндай әрекеттерді жасағанын анықтады. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін мәлімдеді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданылды», – деп жазылған сот хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: