Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 12:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы» : Ел Үкіметі өзгерістер пакетін әзірлеуде

02.11.2024

770 0

Сурет: freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова депутат Гауһар Танашеваның әрбір балаға жәрдемақы ретінде 70 мың теңгеден төлеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Светлана Жақыпова министрліктің белгілі бір көлемде бюджет қаражатын қажет ететін өзгерістер пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеді. 

«Бірақ қазір бизнес-процестерді цифрландыру және мемлекеттік қажетсіз немесе қайталанатын функцияларды оңтайландыру арқылы бизнес-процестерді өзгертіп жатырмыз. Тиісінше, біз бұл бюджетті оңтайландыруымыз керек, содан кейін ғана балаларды табыспен қамтамасыз ету мәселесіне келуіміз қажет. Бұл шешім қазір қабылданса, салық төлеушілерге үлкен жүк болатынын айта кету керек», – деді министр.

Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде әлеуметтік қажеттіліктерге арналған бюджет 6 триллион теңгеге жуықтайды, бұл республикалық бюджеттің 38%.

«Егер шартсыз қосымша төлемдер енгізілсе, кем дегенде тағы 3 триллион теңге қажет болады, бұл салықты көтеру керек дегенді білдіреді», – деді министр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: