Жұма, 27 желтоқсан, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әр балаға тең мүмкіндік

15.11.2024

53 0

Баланы отбасында тәрбиелеу қағидатын ұстанатын және баласын балабақшаға жіберуге асықпайтын ата-аналар үшін консультациялық пунктердің желісі кеңеюде. Қызылорда облысында ата-аналарға арналған 161 консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте белгілі болды. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

  • Жыл басынан бері консультациялық пункттерге 312 бала қамтылып, олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдардың базасында инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарататын 48 құзыреттілік орталық жұмыс істейді. Биыл алғаш рет мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері бірінші сыныпқа келетін барлық мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жеке даму карталарын цифрлық форматта толтыруда. Бүгінгі таңда облыста мектеп жасына дейінгі балалардың 100 % жеке даму картасы толтырылған, – деді Бағдат Камбозұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: