Дүйсенбі, 20 қаңтар, 18:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

Әрбір азаматтың өтініші маңызды

20.01.2025

64 0

Өткен жылы өңірде 15 елді мекен «көгілдір отынға» қосылып, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету деңгейі 78% жетті. Сондай-ақ 866,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның ішінде Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 123 пәтер тапсырылды.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов БАҚ өкілдеріне берген   баспасөз мәслихатында айтты.

Филиал төрағасының айтуынша, партияның халық алдындағы ең басты міндеті – сайлауалды бағдарламасының мүлтіксіз орындалуы. Есепті мерзімде өңірде сайлауалды бағдарлама 91,4 пайыз жүзеге асқан. Демек, жол картасында жоспарланған 116 іс-шараның 106 орындалып, 6-ы жүзеге асырылу үстінде.

– Атқарылған жұмыстардың бірқатарына тоқталып өтсем, спорт саласы бойынша 4 нысан пайдалануға берілді. Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарқыны өсіп, 1000 адамға шаққанда 46,2% болды.

Білім саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық, КБИ шағын  ауданындағы 600 орындық және Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылында және Арал қаласында 300 орындық 2 жайлы мектеп табысталды. Сонымен қатар Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі ауданы Шиелі кенті №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық қан орталығы, ауылдық елді мекендерде 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік бекет пен Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсек орынға арналған ауылдық аурухана ел игілігіне табыс етілді. Бұл жұмыстар биыл да жоспарға сәйкес жүргізіледі, –  деді Алмасбек Есмаханов.

Партия жанындағы кеңестің 155 отырысы өтіп,  302 мәселе бойынша 783 ұсыныс тиісті органға жолданған. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6904 арыз-өтініш түсіп, олардың 5141 оң шешілген. 1 763 өтінішке заңнамалық түсіндірме мен құқықтық кеңес берілген. Партия үшін әрбір азаматтың өтініші маңызды. Осы орайда шалғай елді мекендер тұрғындарының өзекті мәселесін шешу үшін 14 елді мекенде мобильді қабылдау өткізіліп, онда 189 мәселе қаралып, 89-ы оң шешілді, –деді облыстық филиал төрағасы.

                                                                                        Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: