Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әрбір бала бақыт үшін жаралған!

02.06.2023

1518 0

1 маусым- 1950 жылдан бері  Халықаралық балалар құқығын қорғау күні. Бұл күн – Қазақстан Республикасында балалар құқығын қорғау заңымен бекітілген, яғни биыл 73 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтуде.Бұл мерекені атап өту өзгеріске ұшырамай, өз тұғырын асқақтатып келеді. Қай дәуірде де бала бақыты, оның күлкісін қорғау – басты назарда болған. Балаға қамқорлық көрсету- ертеңгі Отан егелеріне қамқорлық. Оларға білім мен тәрбие беру – басты мақсат.

Баршамызды бала тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе, бал-бұлақтан жалғайтын!- демекші, жазғы демалыс кезінде балалардың  сауықтырылу демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында  1Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Тәкей Есетов атындағы № 264 мектеп-лицей жанынан құрылған «Жаз самалы» күндізгі тынығу лагері өз жұмысын бастады. Лагерге  4 топ, 80 оқушы қамтылды.  Спорттық, ән – би, қолөнер үйірмелері жұмыс жасауда және «Әрбір бала бақыт үшін жаралған!» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өткізіліп, концерттік бағдарламаны мектеп-лицей директоры Бек Сұлтанбекұлы балаларға деген ыстық ықылас лебізін білдіріп ашса, мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының «Жас дарын» хор және «Көркем-ай» би үйірме мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашып, жазғы тынығу лагерінің демалушы балаларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар лагерге қамтылушы балаларға «Қауіпсіз жаз» тақырыбында балалар жарақатының алдын алу мақсатында мәліметтер беріліп, түсіндірілді.

Қызылорда қаласы

Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: