Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әрбір нысан құрылысы қатаң қадағаланады

17.01.2023

612 0

Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналуда. Сырдың бас қаласы жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа құрылыс нысандары бой көтеруде. Бұл аймағымыздың ажарын ашып, сәулетіне сән қосуда.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, қала әкімі Асылбек Шәменов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы Медет Бекенов және мердігер мекеме басшылары қала аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен өткен жылы іргетасы қаланған «Неке сарайы» құрылысымен танысты. «Неке сарайының» жобалық құны – 1,5 млрд теңгені құрайды. Бас жобалаушы – «Крез-Сервис» ЖШС. Құрылыс жұмысының сапалы әрі уақытылы бітуін қадағалау ісіне жауапты мекеме – «Авангард-ПГС» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қыз мезгіліне қарамастан тұрақты түрде жүргізілуде. Көктем шыға жұмыс қарқын алады деп жоспарлануда. Құрылыс сызбасына сәйкес нысан барлық талаптарға сай заманауи тұрғыда салынбақ. Бұл жергілікті тұрғындардың қуанышты сәттеріне куә боларлық үлкен режимдегі әлеуметтік орталық болмақ.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов мердігер мекеме басшылығына істің уақытылы сапа деңгейіне сәйкес орындалуын қатаң тапсырды.

Содан соң Сыр елінің символындай салынып жатқан «Өнер» орталығында болды. Орталық орналасқан жер аумағы үлкен. Құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығы «СМП Қызылорда» ЖШС мердігер мекемесіне міндеттелген. Ғимараттың құрылысы 2023 жылы аяқталды деп күтілуде. Сыр елінің сәулетіне сән беретін үлкен сыйымдылықтағы нысан Сыр өңірі көркемөнерпаздарының көз қуанышы болмақ. Өнер орталығы заманауи құрал жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілмек. Мың адамға арналған мәжіліс залы, арнайы үйірмелерге арналған бөлмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар қаладағы көрікті нысандардың біріне айналмақ.

Қала әкімі Асылбек Шәменов шаһар шырайын аша түсер «Өнер орталығы» секілді әлеуметтік нысандар ел әлеуетінің артуына зор ықпалын тигізіп, қала халқының рухани демалыс орнына айналатынын атап өтті.

Сондай ақ біз аялдаған келесі нысан белгілі кәсіпкер, меценат Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен салынып жатқан «Анаға тағзым» орталығы. Бұл облыс орталығындағы әлеуетті нысандардың бірегейі болмақ. Құны 1,5 млрд теңгені құрайтын орталық барша Сыр жұртшылығының құрметпен қарар орынына айналатыны сөзсіз.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов бастаған топ одан әрі сол жағалауда салынып жатқан «Қан орталығы» жұмысының құрылысымен танысты.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тапсырмасы негізінде бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысан құрылысы өткен жылы күз айында басталған болатын. Құрылыс ғимараты келер жылы толық аяқталып, халыққа пайдалануға берілмек.

Бас мердігер компания «СК Дәнекер» ЖШС міндетіне жүктелген. Үш қабатты ғимарат қала халқының денсаулығын тексеруге арналған бірегей орын болатыны айтылып, қажетті жұмыс сапа ісіне мән беріп, уақытынан кешікпей пайдалануға берілу керектігі де тиісті сала басшылығына тапсырылды.

Сол жағалауда салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысы нысаныда назардан тыс қалмады. Арнайы кәсіпкерлер қолдауы арқасында бой көтеріп жатқан сәулетті құрылыс ғимараты бірінші кезекте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.

– Әрбір нысанға тиісті қаражат уақытылы бөлінгенін атап өту керек. Сондықтан халық талабы ең алдымен ескерілетін де жеткізгім келеді. Ал бұл нысандардың әрбірі аймағымыздың инфрақұрылымын арттыруға негіз болмақ. Алдағы уақытта да мердігер мекеме басшылығымен істің жүргізілу тәртібін қатаң түрде қадағалап отырамыз. Қызылорда қаласы бұданда көркем келбеттене бермек, – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: