Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әсел Асқар арманына жетті

19.06.2023

949 0

Танымал актриса Әсел Асқар оқырманының ұзату тойында тілек айтамын деп сынның астында қалды. Ол қалыңдыққа өзін бағалау керегін және әлдекімнің өзін ренжітуге жол бермеу керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Бізде қазақта: “Кеттің бе, тастай батып, судай сің” дейді. Ал мен керісінше айтқым келеді, отбасың барын ешқашан ұмытпа. Ешқандай жігітке бола өзіңді өкпелетуге жол берме. Мен мұны қорықпай айта аламын. Үлкен кісілер менімен келіспеуі мүмкін. Өмір бізге бір-ақ рет беріледі. Әйел онсыз да отбасы үшін көп құрбандыққа барады. Сен басқа әулетке бара жатырсың. Сондықтан күйеу жігіт, барлық жауапкершілік сенде. Қыз бала әйел болып тумайды, уақыт өте әйел болып қалыптасады. Сен қандай күйеу болсаң, әйелің де сондай болады. Әйеліңді ренжіте берсең, көкбет болады. Сол себепті аманатқа қиянат жасама. Дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, өсірген анасы қызын саған жай ғана бере салды. Отбасы әйелден емес, сенен басталады. Әйеліңді, оның ары мен намысын қалай қорғасаң, әйеліңнің де саған деген қарым-қатынасы жақсы болады. Егер әйелің әдемі көрінсе, жақсы киінсе, бақытты болса –сен жарадың. Бәрі ер адамның қолында», – дейді Әсел Асқар. 

Актриса бұл сөздерді барша әйелдердің атынан және тек жақсы ниетте айтқанын жеткізді. 

“Мен бұл тілекті барлық қыз-келіншекке арнаймын. 19 жасымда маған осы сөздерді айтатын адам болмады. Мен сол кезде қауіпсіздік пен махаббатты сезінер едім. Ойымда жүрген осы сөздерді айту арманым еді. Менің  де, қалыңдық пен оның анасының да жолы болды деп ойлаймын. Айтқан сөздерім қалыңдықты қанаттандырды деген ойдамын. Қызын ұзатып жатқан әр ана іштейжылап тұрып қызына осы сөздерді айтқысы-ақ келеді. Бірақ біздің менталитетте ондайға тыйым салынған, сол себепті іштен тынады. “9 ай жүрегіңнің астында көтеріп, бар жақсыны беріп, мәпелеп өсірген қызыңды біреу өкпелете ме?” деген ойдан жүрегің ауырады. Мен барлық аналар мен әпкелердің атынан сөйледім”, – деп жазба жариялады актриса.

Әсел Асқардың бұл жазбасын қолдап, көптің көкейінде жүрген ойлардың жария болғанына қуанғандар көп. Алайда блогердің өзі мен сөзін түзеп жазғандар да аз емес.

“Қызды жай ғана бере салған жоқ, ол үшін қалыңмал алды”, “Сен екен ғой Қазақстанның ажырасу статистикасын көтеріп жүрген”, “Еркектерге өкпелі әйелдің айтқан сөздері ғой”, “Алдымен өз отбасыңды сақтап қалмадың ба?”, “Жігітке де өмір бір-ақ рет беріледі. Бар жауапкершілікті оған артып қоюдың қажеті жоқ”, – деп жазды желідегілер Әсел Асқардың пікірімен келіспейтінін айтып. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: