Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әскерде қаза тапқан сарбаздың туыстары марқұмды моласынан қазып, эксгумация жасатқан

09.12.2023

1505 0

Фото: massaget.kz

Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапты делінген сарбаз Алмас Шәкімовтің денесіне туысқандары эксгумация жасатты. Олар бір жарым жыл бойы әділдік іздеп таппаған соң, осындай қадамға барып отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жақындары азаматтық борышын өтеуге өзі сұранып барған көкшетаулық жігіт кісі қолынан өлгенін қалай да дәлелдейміз деп отыр.

«Алматының әскери прокуратурасы болды, одан әділдік болмады. Өзіміздің Бас прокуратураға, Астананың әскери прокуратурасына, бәріне бардық. Бәрінен де әділдік, шындық болмады. Істі жылы жаппақшы, өзімізге қарсы шығып», – дейді марқұм сарбаздың әжесі Күлмайда Туғанбаева.

Шындық іздеп шырылдаған сарбаздың туғандары аса қиын болса да, ұлдарын қара жерден қазып алуға тәуекел етіпті.

Олардың айтуынша, марқұмның денесінде сау жер жоқ. Иығы, екі аяғы сынған, санына шеге тыққан, басы жарылған.

«Мұның барлығы әскердегі әлімжеттік, Алмастың ажалы адам қолынан болды», – дейді туған-туысқандары.

Шындыққа жету үшін олар эксгумация жасап, тәуелсіз сарапшылар шақыртқан.

Еске салайық, 19 жастағы Алмас Шәкімов Алматы іргесіндегі полигондардың бірінде әскери жаттығу кезінде құмды дауыл басталып, өзге сарбаздарды құтқарып жүріп мерт болғаны хабарланған еді. Әскер басшылығы оның басына темір құрастырмалы палатка құлады деп рапорт берген. Қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен де марапаттаған, алайда туыстары ол медальдан бас тартты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: