Референдум күні ерекше сайлау учаскелері де жұмыс істейді. Бұл жөнінде ҚР Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM
Комиссия мәліметінше, мұндай санатқа әскери бөлімдер, ауруханалар, перзентханалар т. б. нысандарда ашылатын учаскелер жатады. Олардың жалпы саны — 622.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, референдум күні дауыс берушілер тіркелген мекенжайы бойынша учаскеге баруы тиіс. Егер азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскеге келіп, тізімнен өзін таппаса, онда қызметкерлер көмегіне жүгінгені жөн. Жауапты мамандар оның тіркелген мекенжайы бойынша учаскесін анықтап береді.
Еліміздегі 10 402 учаскенің жартысынан астамы мұндай қызметті көрсете алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
