Қазақстандықтарға жеке баспана алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар қатары кеңейе түспек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Отбасы банк” АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова соңғы аптада азаматтарда ипотека рәсімдеу бойынша қиындықтар туындап жатқанын атап өтті.
“Осыған байланысты Үкімет тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылдады. Келешекте халыққа баспана қолжетімді болуы үшін ипотекалық несие көлемі екі есе артты. Қараша айында “Наурыз» және “Наурыз жұмыскер” бағдарламалары басталады. Жалпы, 500 млрд теңге көлемінде несие беріледі”, – деді Ләззат Ибрагимова.
Сондай-ақ “Әскери баспана” бағдарламасы қайта іске қосылмақ.
“Осы бағдарламаның арқасында шамамен 7 мың әскери қызметкер дайын пәтер сатып ала алады. Барлық пәтер Баспана маркет платформасы арқылы сатылады. Пәтерлердің бағасы мемлекет бақылауында. Қазіргі таңда құрылыс компаниялары 36 айға дейін пәтер бағасын өсірмейтіні туралы алдын ала келісімшартқа отырады», – деді “Отбасы банк” басқарма төрағасы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!