Сәрсенбі, 16 шiлде, 20:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Әскери оқу орнының курсанты қаза тапты

16.07.2025

86 0

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде әскери оқу орнының курсанты көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz .

Қайғылы оқиға туралы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жоспарлы оқу-жаттығу парашютпен секіру кезінде Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің парашюты секіру кезінде ашылмай қалған, бұл қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомстводан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза болған курсанттың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

9 шілдеде Астанада Астанадағы әскери авиация базасының аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан әскери қызметшінің зардап шеккені белгілі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: