Сенбі, 23 қараша, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Әскери қызметшілер жастармен кездесті

28.09.2022

729 0

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының тәрбиеленушілеріне «Егеменді ел қорғаны – жастар» атты ерлік сабағы өтті.

Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында өткен шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Жақыпов, «Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы мен Тәжік-Ауған соғысының ардагері Жандос Әлімбетов қатысты.

Ерлік сабағының мақсаты әскери-патриоттық қозғалыс тәрбиеленушілерінің туған еліне, жеріне, Қазақстанның Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру болып отыр.

Шара барысында патриотизм мен ұлтжандылық тақырыптары сөз болды. Қарулы күштердің 30 жылдық тарихы мен қазақ әскерінің қазіргі уақыттағы жетістіктері айтылды. Ерлікке бағдар болған сабақ барысында жас сарбаздықтар ардагерлер мен әскери қызметшілер тарапынан ойларындағы барлық сұрақтарына жауап алды.

«Жас сарбаз тәрбиеленушілерімен өткен кездесуді маңызды деп ойлаймын. Жастарға жігер, қайрат беретін осындай шаралар еліміздің болашағы үшін ауадай қажет. Ерлік сабағында жастарға әрбір азаматтың Отан алдындағы міндеттерін түсіндірдік, – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Төлебай.

Жас патриоттар шараға қатысушы ардагерлер мен әскери қызметшілерге алғысын білдірді.

Әскери қызметшілер жастармен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: