Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Әскери саланың бір күні

17.12.2025

38 0

Қоғамда жас буынды әскери құрылымдарға қызықтыру маңызды. Осы мақсатта өңірде жастарға арналған бірқатар іс-шаралары өтіп, болашақ сарбаздардың әскери қызмет туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жуырда Ұлттық ұлан қатарында ашық есік күні ұйымдастырылып, С.Әлжіков атындағы №144 мектеп оқушылары әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Шара барысында қатысушылар қызмет тәртібі, әскери дайындық бағыттары және қауіпсіздік талаптары жөнінде ақпарат алып, студенттер қару-жарақ түрлерімен танысты.

Әскери саланың бір күні

– Оқушыларға қару түрлерін білу – тарих пен құқықты түсіну үшін қажет. Бірақ қаруды ешқашан ойыншық ретінде қарауға болмайды. Жауапкершілік пен заңды сақтау – әр адамның міндеті. Қару-жарақ – адамзат тарихындағы ең көне құралдардың бірі. Ол ежелгі дәуірлерде аңшылық пен қорғаныс үшін қолданылса, кейін қоғамды, мемлекетті қорғаудың негізгі құралына айналды. Қару туралы білу – тек әскери салаға қатысты емес, сонымен қатар тарихты, заңды және қауіпсіздікті түсінуге көмектеседі. Әр елде қару-жарақты сақтау мен қолдануға қатысты қатаң заңдар бар. Қару – жай ғана құрал емес, ол үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан оны тек арнайы дайындықтан өткен әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана пайдалана алады. Қару-жарақ түрлерін білу оқушыларға тарихты тереңірек түсінуге, заңға құрметпен қарауға және бейбіт өмірдің бағасын сезінуге көмектеседі. Қару – ойыншық емес, сондықтан ол туралы айтқанда да, ойлағанда да жауапкершілік қажет, – дейді Ұлттық ұлан 5547 әскери бөлімінің лейтенанты Жақсылық Берікұлы.

Әскери саланың бір күні

София Темірболат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: