Сейсенбі, 16 қыркүйек, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

Әуежайда ер адам өзін өртемек болған

26.08.2025

265 0

ФОТО: KAZINFORM

Алматы әуежайының ішкі терминалында ер адам өзін өртеуге тырысты, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, сағат 22:06-да ер адам әуежай кассасы маңында өзін-өзі өртеуге әрекет жасаған. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шұғыл өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: