Сейсенбі, 17 маусым, 20:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

АФМ спортты қолдайды

17.06.2025

52 0

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің жоспарына сәйкес «АФМ спортты қолдайды!» ұранымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен департамент қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті.

Шараның салтанатты ашылуында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес, облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев, бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрсұлтан Алтынбек қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгінгі спорттық мереке — тек жарыс емес, тәртіп пен әділдікті, достық пен табандылықты насихаттайтын шара. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында өткізіліп отыр. Осындай шарамызға қолдау көрсеткен Қаржы мониторингі агенттігінің Төрағасы Жанат Қалдыбекұлына, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына және барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін!, – деді Аслан Кеңесұлы.

АФМ спортты қолдайды

«Заң мен Тәртіп» нарративін ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған бұл спорттық шараға қызметкерлердің балалары да қатысып, бақ сынады.

Спорт бәсекесінде бәсі басым болғандарға жарыс қорытындысы бойынша алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, аймақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттің ұйымдастыруымен маусым айының соңына дейін «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: