Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Ағалары – генерал және судья»: қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды

24.07.2023

757 0

Алматы тұрғыны бұрынғы жігіті ұрып-соғып, аңдып жүргенін айтып шағымданды. Оның айтуынша, ол арнайы қызметте жұмыс істеген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мені бұрынғы жігітім ұрды, арыз жаздым, сосын әкемді ұрып кетті, өзі жоғарыда отырған ағаларының тасасында жүр, бұл қызметкер туралы бәрі білсін, бұл бірінші рет ұрып-соғуы емес, мені жиі қорқытып-үркітеді, көмектесуді сұраймын», – деп жазды Тоғжан.

"Ағалары - генерал және судья": қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды
Бұрынғы жігіті: Суретті жәбірленуші қыз ұсынған

Қыз оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, ол бұрынғы ғашығымен жарты жыл кездескен. Ол 2023 жылдың қаңтарынан бастап жүйелі түрде ұрып-соққанын айтады.

«Ол мені бүгінге дейін жеті рет ұрды, содан кейін онымен ажырасып кеттік, ол мені маньяк сияқты аңди бастады, жолда ұстап алып, ұрып-соғады, жұмысқа және үйге келеді, барық жерім көгерген, ісіген, қан, бұған дейін мен одан қорқып, полицияға барған жоқпын. 16 маусымда сағат 22:30 Сайн-Асқаров автотұрағында мені тағы ұрды. Ол менің бетімнен ұрып, аяғымнан тепті, бұдан тіпті бұтыма жіберіп қойдым, содан кейін мені пәтерге апарды, сол жерде тағы ұрды және мені өз еркімнен тыс заңсыз ұстады, екі сағат бойы жібермеді. Мен өз өмірім үшін қорқамын!», – деп жазды жәбірленуші.

"Ағалары - генерал және судья": қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды
"Ағалары - генерал және судья": қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды
"Ағалары - генерал және судья": қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды
"Ағалары - генерал және судья": қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды
Суретті жәбірленуші қыз ұсынған

18 маусымда қыздың айтуынша, бұрынғы жігіті әкесін қан-жоса қылып ұрып-соққан.

«Ол үнемі өз өкілетін пайдаланады, ағалары – генерал және судья, жоғары лауазымды адамдармен бәрін шешемін деп қорқытады. Ол мені тұрған жерім бойынша тауып алады, хабарламаларымды оқиды, жүрген жерімнен ұстап алады», – дейді Тоғжан.

Кезекті ұрып-соғу оқиғасынан кейін қыз полицияға арыз жазған.

Алматы қаласының әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша бұл қызды соққыға жығу ісі қаралғаны белгілі болды. 3 шілдеде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша, қыздың уақытша еңбекке жарамсыз болуына әкеліп соқтырған жеңіл дене жарақатын келтірген ер адамға 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: