ҚАЖД №60 мемлекеттік түзеу мекемесінің Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына ағаш егу шарасын ұйымдастырды.
«Бір тал кессең, он тал ек»-деген ата-бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, мекеме ауласына 15 көшет жеміс-ағаштарын екті. Ағаш егу-ежелден келе жатқан игі амалдардың бірі.
«Бір жылдығын ойлаған ел ,бидай егеді, он жылдығын ойлаған ел,ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған ел, ұрпағының бойына ізгіліктің дәнін егеді». Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Дәулет Аубакиров бүгін іс-шараны бастаудағы мақсатымыз біздің мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі екеніне тоқатала келе, бұл табиғатқа деген қамқорлық пен оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтайық деген ізгі ниет екенін атап өтті. Міне, осы айтылғандай, әрбір азамат ағаш отырғызса, айналамыз көгалға айналары сөзсіз. Мекеме қызметкерлері отырғызған ағаштар мекеменің көркіне айналады деді,- тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің әділет аға капитаны Мулдашев Айбек Елмұратұлы.
№60 мекеме баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!