Сәрсенбі, 23 шiлде, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

«Айдың Нұры қоры да Перизаттың қоры сияқты тексерілуі керек»: Заңгер Тұрсынбаеваға шүйлікті

23.07.2025

108 0

Фото: коллаж: sn.kz

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын, коуч, психолог Айнұр Тұрсынбаеваның қорын мұқият тексеруді талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

”Айдын Нұрын қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін!
Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды. Бұл — үлкен күдік тудырады.

Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік. Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған. Яғни, параны айналып өтіп, қор арқылы алады.

Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді! Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануы тиіс”, — деп жазды заңгер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: