Бейсенбі, 15 тамыз, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

АЭС – әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі

15.08.2024

7 0

Сурет: finbi.ru

 Әдетте мен әлуметтік желілерде пост жазбайтын адамдардың қатарынан боламын. Алайда, қазіргі таңда көп талқыға салынатын және халық арасында радиофобия жоғары деңгейде  болғандықтан елімізде Атом электр станциясын салуға қатысты өз көз қарасымды жазғым келеді. Атом электр станциялары – әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі. АЭС арқылы көптеген елдер экономикалық және әлеуметтік дамуда негізгі мәселелерін шешіп жатыр. 

АЭС артықшылықтары

Экологиялық таза энергия: Атом электр станциялары климаттың өзгеруінің негізгі себебі болып табылатын көмірқышқыл газы (СО2) сияқты парниктік газдарды атмосфераға шығармайды. Олар іс жүзінде ауа мен судың ластануына ықпал етпейді, бұл қоршаған ортаға әсерді азайтады.

Жанармайдың жоғары тиімділігі: Атом электр станциялары уран сияқты ядролық отынды тиімді пайдаланады және жанармайдың бір зарядымен көптеген жылдар бойы жұмыс істей алады. Бұл отынды жиі ауыстыру қажеттілігін азайтып, экономикалық үнемдеуге әкеледі.

Үлкен көлемдегі энергия: Атом электр станциялары ірі қалалар мен өнеркәсіптік аудандардың энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын үлкен көлемдегі электр энергиясын өндіруге қабілетті.

Ауаның аз ластануы: көмір және газ электр станциялары сияқты дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда, атом электр станцияларында күкірт және азот оксидтері сияқты зиянды заттардың шығарындылары төмен.

Зерттеулер мен инновациялар: атом энергетикасының дамуы ғылыми зерттеулер мен инновацияларға ықпал етеді, бұл қауіпсіз және тиімді технологияларға әкелуі мүмкін.

Қазіргі заманғы атом электр станциялары ел үшін энергия өндірудің негізгі көзі болып табылады, оны қауіпсіз түрде «жасыл энергетика»деп атауға болады. 

Бүгінгі заманға сай атом электр станциялары өнеркәсіп пен халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, экологиялық жағынан да таза, сенімді энергия көзі болып табыла алады.

Атом электр станциясы біздің экономикамыз үшін ауыр және орта өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін бола алады және менің ойымша, бұл ел үшін ерекше маңызды – бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігі!

Күлтібаева Гүлжан Рүстемқызы,

ҚР ММ ВВР-К ИНП ҒЗИ радиациялық қауіпсіздік қызметінің дозиметрі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: