Сәрсенбі, 19 қараша, 12:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Аймағамбетов «отпуск» пен «декретке» қатысты маңызды өзгеріс болатынын айтты

19.11.2025

46 0

Фото: автордан Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға арналған заң жобасын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Аймағамбетовтің сөзінше, еңбек заңнамасында жұмысшылардың құқығын толық қорғамайтын олқылықтар көп. Депутаттар осындай олқылықтарды жою үшін жаңа түзетулерді әзірлеген.

Депутат азаматтық-құқықтық шарттар проблемасын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Мәселе неде? Елімізде көп жұмыс беруші қаржысын үнемдеу және әлеуметтік кепілдіктерден жалтару үшін, еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шарт (ГПХ) жасасуды әбден әдетке айналдырды. Жұмыскер жұмыс тәртібіне бағынады, жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді, бастығы бар, бірақ қағаз жүзінде ол – «қызметкер» емес, «мердігер» болып саналады, – деді Асхат Аймағамбетов заңды таныстырғанда.

Депутат бұл жұмыскер үшін тиімсіз әрі қауіпті екенін айтты.

Бұл неге қауіпті? Өйткені бұл “ГПХ”-да (Азаматтық-құқықтық шарттар) отырған жұмыскер әлеуметтік кепілдіктерден айырылады.

Ол еңбек демалысына шыға алмайды. Әйелдер де жүктілікке байланысты демалысқа шыға алмайды. Зейнетақы жарнасы аударылмайды, медициналық сақтандыруы болмайды. Енді біз бұған нақты тосқауыл қоямыз. Егер қарым-қатынаста еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса, онда азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салынады, – деп түсіндірді депутат.

Мәліметке сәйкес, нәтижесінде он мыңдаған адам толыққанды әлеуметтік кепілдіктерге ие болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: