Сейсенбі, 15 сәуiр, 10:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Аймағымыз салықтық түсім бойынша республикада бірінші орында

13.04.2025

205 0

Аймағымыздың мемлекеттік кірістер департаментімен биылғы жылдың I тоқсанында барлығы 169739 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифинг барысында салық және кеден саласындағы негізгі көрсеткіштер, көлеңкелі экономиканың алдын алу бағытындағы шаралар және цифрландыру жұмыстары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

– Ағымдағы тоқсанда мемлекеттік бюджет жоспары 143%-ға орындалып, өткен жылмен салыстырғанда түсім көлемі 175%-ға артты. Әсіресе, салықтық түсімдер бойынша Қызылорда облысы республика көлемінде алғашқы орынға шықты. Сонымен қатар, өңірде 169 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, шағын және орта бизнес өкілдерінің берешегін төмендету бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылды. Кірістер департаменті үшін басты басымдықтардың бірі – салық төлеушілермен кері байланыс орната отырып, әкімшілік шараларды барынша азайту. Бұл бағытта айыппұлдар саны 28%-ға, ескертулер 13%-ға төмендеген. Алдағы уақытта да салық тәртібін сақтау, есептілікті дер кезінде тапсыру және бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелеріне талдау жүргізу жалғасады. Бұл істе әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды. Сондықтан да ел болашағы үшін әрбір салық төлеушіні өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деді Асқар Сейдекәрімұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: