Одан соң ардагерлер жаңа теннис орталығына барды. Заманауи үлгіде салынған спорт кешенінде халықаралық стандарттарға сай жабық және ашық корттар орналасқан. Мұнда балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Жаңа нысындардың көптеп салынуы қала келбетін ажарландыра түспек,- дейді қазыналарымыз.




Одан соң ардагерлер облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Музейде олар аймақтың бай тарихы мен мәдени мұрасын таныстыратын жәдігерлерді тамашалады. Экспозиция залдарында сақталған көне артефактілер, этнографиялық бұйымдар мен құнды құжаттар ардагерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.



Ардагерлердің келесі нысаны – музыкалық колледж болды. Олар оқу орнының жаңа мүмкіндіктерімен, заманауи жабдықталған аудиторияларымен және шығармашылық залдарымен танысты. Аға буын өкілдері жас музыканттарға, жалпы өнерге жасаған қамқорлықты жоғары бағалап, осындай білім ордасы өңірдің мәдени дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!