Жұма, 27 желтоқсан, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Болат Көшербаевты зейнет демалысына шығарып салды

09.10.2024

498 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай саласының еңбек сіңірген ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Көшербаев Болат Елеуұлын зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті. Жиынға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев, мұнай-газ саласының мамандары, облыстың зиялы қауымы, ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы еңбек адамдарын құрметтеу бұрыннан қалыптасқан дәстүрдің жалғасы екенін айтып, Болат Елеуұлына құттықтау лебізін жеткізді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс» деген болатын.
Біз адал қызмет атқарған, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық.
Болат Елеуұлы ел экономикасының локомотиві саналатын мұнай-газ саласында 40 жылға жуық өнімді еңбек етіп, оның ішінде аймақтағы «Торғай Петролеум», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компанияларында басшылық қызметте болып, Сыр өңіріндегі мұнай өндірісінің өркендеуіне өз үлесін қосты.
«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясымен бірегей жобаларды іске асырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары деңгейге көтерді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік орны бар компания қайырымдылық шараларына да белсене қатысып, соңғы 5 жылда 800 млн. теңгеге жуық қайырымдылық көмек көрсеткен.
Шет елдердің жоғары оқу орындарында білім алған аймақ түлектерінің оқу ақысы стипендиялық бағдарлама аясында компания демеушілігі есебінен қаржыландырылды. Бағдарламамен 115 жас түлек жоғарғы білім алды.
Осындай игі істердің басында жүріп, аймақтың мұнай-газ саласын өркендетуге қосқан үлесіңіз жоғары бағаланып, бірқатар мемлекеттік наградамен марапатталдыңыз. Мұның бәрі қажырлы еңбегіңіздің жемісі әрі жарқын көрінісі деп білеміз. Сізді Сыр жұртшылығының атынан құрметті зейнет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!», – деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда Көшербаев Болат Елеуұлына Сыр өңірінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Іс-шарада мұнай саласының ардагерін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Самұрат Имандосов, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Дәулет Барғанаев, Қарулы Күштер саласының ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, сала ардагерлері Айтбай Көшербаев, Имамадин Оңғарбаев құттықтады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: