Бейсенбі, 19 желтоқсан, 08:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Шиелі ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

27.11.2024

127 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандарды аралады.
Алдымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Алмалы» елді мекенінде бой көтерген дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын көрді. Бас мердігер «Бақ-береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараттың ішкі жұмыстарына, сылап-әрлеуге кіріскен. Амбулатория жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Мұнан бөлек, аймақ басшысы «Жансейіт» елді мекеніндегі №133 орта мектепке барды, кенттегі «Руханият орталығының» құрылыс алаңындағы жұмыс барысын тексерді. Заманауи үлгідегі 100 орындық ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары 100 пайыз орындалған. Іске қосылған соң жеке бу қазандығынан дизель отынымен жылытылатын болады. Құрылысын «СМП-Қызылорда» ЖШС қолға алған екі қабатты ғимараттың аумағы 2312 шаршы метр.
Биылғы «Руханият жылына» орай салынған «Руханият орталығының» құрылысы да қарқынды. Мұнда жер жұмыстары, іргетас, қабырға қалау, шатырын жабу, сыртқы-ішкі қабырғаларын сылау, әрлеу, есік-терезе орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Осы уақытта сыртқы қаптау және абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Нысан биыл пайдалануға берілмек.
Аймақ басшысы құрылысқа қойылатын басты талап сапа екенін тағы бір ескертіп, жұмысты уақытылы аяқтаудың маңызын атап өтті.
–Нысандарда ұзақ жылдар бойы халыққа еш кедергісіз қызмет көрсетілуі тиіс. Ол үшін әрине, сапалы материалдар пайдаланылуы, құрылыстың барлық талаптары сақталуы керек. Басталған жұмыстың межеленген уақытында аяқталып, қолданысқа дер кезінде берілуін де басты назарда ұстау қажет, – деді облыс әкімі.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: