Дүйсенбі, 25 қараша, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Аймаққа әділет вице-министрі келді

08.12.2022

700 0

Аймаққа Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жұмыс сапарымен келді.  Вице-министр ұлттық заңнаманы қалыптастыру және дамыту шеңберіндегі жұмыстарды саралады. 

Кездесу барысында іс сапармен келген вице-министрге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде зияткерлік меншік құқығын қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтер сәтті түрде жүзеге асқанын тілге тиек етті.

Вице-министр өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құруды тапсырғанын, соған сәйкес Конституциялық сот туралы заң қабылданып,  ол 18 қарашадан бастап күшіне енгенін атап өтті. Ал, Конституциялық сот өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастайтын болады.

Сонымен қатар ол халықтың жерге және жер қойнауына, жануарлар мен өсімдік әлеміне, басқа да табиғи ресурстарға меншік құқығы туралы Конституцияда жарияланған нормаларды да айтып өтті.

–  Конституцияда бекітілген нормада біздің әрқайсымызға жердің қандай да бір алаңына немесе жер қойнауы учаскесіне меншік құқығын туғызбайды, ол жерді, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану Қазақстан халқының мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс екенін айқындайды деген қағидат сипаты бар екенін түсінуіміз қажет. Мәселен, ел Президенті ұлттық қордың, оның ішінде Қазақстанның жер қойнауын пайдалану есебінен қалыптасатын кірісінің бір бөлігін балалардың қажеттіліктеріне бағыттауды ұсынды. Бұл – халықтың жерге меншік құқығын іске асырудағы тәсілдердің бірі, – деді вице-министр.

Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, тегін заң көмегін алатын азаматтардың қатары артқан. Осы жылдың 11 айында Қызылорда облысында 5 мыңға жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.

Бұдан бөлек, Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Достық үйінде  облыс тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: