Сәрсенбі, 18 ақпан, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Аймақта экономикалық белсенділік артты

18.02.2026

59 0

Фото: Қызылорда өңірлік коммуникация қызметі

Биыл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалады. Ендеше сандарды сөйлетіп көрсек. Аймақтың өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,3%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 10,6%-ға артты. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының көлемі 21,8%-ға өссе, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 8,4%-ға, сауда көлемі 7%-ға ұлғайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Ұлттық статистика Бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов айтты.

-Аймақтың құрылыс саласында қарқынды жұмыстар бар. Бір жыл ішінде атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 21,8%-ға өсті. Ал тұрғын үй құрылысы аясында 3973 тұрғын ғимараты пайдалануға беріліп, жалпы алаңы 939 мың шаршы метрден асты. Аграрлық салаға да тоқталып өтсем. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1,3%-ға өсті. Өткен жылы облыс бойынша 186,6 мың гектар жерге егін егілді, оның негізгі бөлігі – күріш. Мал басы да көбейіп келеді: жылқы 6,8%-ға, түйе 4,9%-ға, ірі қара мал 1,5%-ға артқан. Ет өндіру 7,5%-ға, сүт 3,0%-ға, жұмыртқа 7,1%-ға көбейген. Демографиялық ахуал да тұрақты. 2025 жылы облыста 16 641 сәби дүниеге келген. Аймақ 1000 тұрғынға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша республикада тұрақты түрде төртінші орында тұр. Орта есеппен тәулігіне 40-45 сәби өмірге келсе, ай сайын 1300-1400 бала тіркеледі. Бұл халық санының табиғи өсімі сақталып отырғанын көрсетеді. Кәсіпкерлік саласында да өсім бар. 2026 жылдың 1 қаңтарына облыста 11 551 заңды тұлға тіркеліп, оның 10 354-і нақты жұмыс істеп тұр. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68 152 бірлікке жетіп, белсенді жұмыс істеп тұрғандары 65 698-ді құрады. Жалпы алғанда, өңірде өндіріс, инвестиция, құрылыс пен кәсіпкерлік қатар дамып, халық саны мен еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отыр,- деді Қайрат Байғабылұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: