Бейсенбі, 11 желтоқсан, 22:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Аймақта мемлекеттік секторды оңтайландыру және жекешелендіру жұмыстарына баса назар аударылуда

11.12.2025

39 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдегі мемлекеттік мүлікті оңтайландыру және экономиканы ырықтандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық аясында іске асуда. Департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет саласын кеңейту, жаңадан құру немесе өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу процесін қадағалайды. Биыл 40 кәсіпорынға қатысты мониторинг жүргізіліп, оның ішінде 32 ұйымның қызметін заңсыз кеңейткені немесе монополияға қарсы органның келісімінсіз жұмыс істегені анықтаған. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқжанов мәлімдеді.

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша департамент нарық субъектілері мен мемлекеттік органдарға бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілеріне қатысты 4 ресми хабарлама жолдаған. Ұлттық жекешелендіру басқармасының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жекешелендіруге жататын 18 квазимемлекеттік сектор субъектісінің тізімі жасақталды. Бұл тізім 2025 жылғы 24 қазанда қабылданған ҚР Үкіметінің №894 қаулысымен ресми түрде бекітілді. Жекешелендіруге жататын ұйымдар коммуналдық шаруашылық, ветеринария, спорт, әуежайлар және несие беру салаларында қызмет көрсетеді. Олар тендер, аукцион, сенімгерлік басқаруға беру немесе біріктіру жолымен жекешелендірілмек,- деді Дамир Жакенұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: