Бейсенбі, 27 қараша, 23:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Аймақта тұтынушы құқығын қорғау жұмыстары күшейді

27.11.2025

49 0

Қызылорда облысында тұтынушылардың құқықғын қорғау бағытындағы жұмыс күшейе түсті. Жыл басынан бері облыстық Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Сауда қызметін реттеу туралы» заң талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіп, 176 кәсіпкерлік субъектісін тексерген. Оның 120-ында заң бұзушылықтар анықталды.


Биыл департаментке тұтынушылар тарапынан 770 өтініш түсіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге көп. Мұндай деректерді Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Ерқасым Жайбергенұлының айтуынша, тексеру нәтижелері негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 29 кәсіпкерге ескерту беріліп, 22 нұсқама рәсімделген. Сонымен қатар 69 кәсіпкерге жалпы сомасы 1,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

«Өтініштердің басым бөлігі электрондық сауда саласына қатысты. Атап айтқанда, онлайн платформалардағы сатушылардың әрекеттеріне байланысты 54 шағым тіркелген. Қоғамдық тамақтану орындарына қатысты 35 өтініш түсіп, олардың көпшілігі сапасыз тағам немесе сақтау талаптарының бұзылуына қатысты болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 15 өтініш қаралып, негізінен коммуналдық төлемдердің дұрыс есептелмеуі мен қызмет көрсетуші ұйымдардың жауапкершілігі туралы шағымдар түсті. Түскен 770 өтініштің 392-сі қанағаттандырылып, 48-і бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал 258 шағым тиісті ведомстволардың құзыретіне сәйкес жолданып, 67 өтініш иелері тарапынан кері қайтарылды» – деді департамент басшысы Ерқасым Сүлейменов.

Департамент басшысы алдағы уақытта да тұтынушылардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын, аймақта қауіпсіз әрі әділ нарық қалыптастыру мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: