Сыр өңірінде құрылыс саласы қарқынды даму үстінде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде аймақта ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев мәлімдеді.
– Құрылыс – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Қазіргі таңда Сыр өңірінде бұл сала қарқынды дамып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалар ауқымды түрде жүзеге асуда. Бұл – тек экономикалық көрсеткіштердің артуы ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстардың жемісі. Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 111,9 млрд теңгеге жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144,6 пайызға орындалды. Сонымен қатар, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 350 мың шаршы метрді құрап, 106 пайыздық көрсеткішке жетті. Жыл соңына дейін 870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл – өңір халқын баспанамен қамту деңгейін арттырумен қатар, құрылыс саласына жаңа серпін беретін маңызды көрсеткіш. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады, – деді Ерлан Кәрімбекұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!