Сенбі, 21 желтоқсан, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Айнұр Тұрсынбаева Түркиядағы аста-төк тойға қанша қаражат кеткенін жасырмай айтты

06.03.2023

1357 0

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін шақырып, ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізген Айнұр Тұрсынбаева өмірінде бірінші рет той жасағанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтыскердің ұлы Бекланның тойында қонақтарға гауһар тастар сыйлағынына бүкіл қазақстандықтар куә. Бағдарлама жүргізушісі мұндай ас та төк той жасаудың мәнісін сұрады.

“Мен өмір тарихымда той жасамаған екенімін. Айтыста жеңіп, 34 көлік ұттым, ақындар айтысының төрт дүркін жеңімпазымын осындай жетістіктерге жете тұра той, туған күн жасамаппын. Бұл – менің өмірімдегі бірінші тойым. “Баласына бір той жасап бере алмай, бұл өмірден өтіп кетті қанша адам?!” деген өлең бар ғой. Менде байлығымды елге көрсетейін, шашылайын деген ой болған жоқ. Тек елдің есінде қалатындай, келген адамдар қуанып кететіндей той болса екен деп қана ойладым. Бір қызығы, мен шақырған өнер жұлдыздарының 99%-ы өзінің ақшасына келді. Мен таңғалдым. Оларға шақыру билет таратқанда: “Шетелде той жасап отырмын. Ары-бері жол оңай емес. Мен бәрінің жолын төлей алаймын. Тойларыңыз, басқа жоспарларыңыз болып жатса, ешқандай реніш жоқ” деп жазып жібердім”, – деді ақын.

Отандық жұлдыздар бас қосқан дүбірлі тойға қанша қаражат кеткені де көпшілікке қызық болар. Айтыскер ақын бұл сұрақты да жауапсыз қалдырмады. 

“Барды –  бар, жоқты жоқ деп айту керек. Расымен, бұл жерде көп нәрсе арзан. Қазақстанды осы тойды жасайтын болса, жоқ дегенде 300-400 мың доллар кетіп қалады. Азық-түлік, тойды ұйымдастыру, мейрамхананың бағасы Қазақстанмен салыстырғанда 2-3 есе арзан. Нақты айтсам, 100 мың доллардың көлемінде қаражат кетті”, – деді Айнұр Тұрсынбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: