Жұма, 05 желтоқсан, 13:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Алаяқтар домофон қызметі атынан телефон шалып, жеке деректерді ұрлауда

05.12.2025

54 0

Фото: pixabay

2025 жылғы 5 желтоқсанда полиция Қазақстан азаматтарын телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схемасы жөнінде ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, адамдарға домофон қызметін көрсететін компаниялардың қызметкерлері атынан қоңырау шалатын болған.

«Алаяқтар «қосымша кілт жасау» немесе «кілтсіз кіру функциясын қосу» қызметін ұсынады деп сендіреді. Олар әр пәтерге жеке алты таңбалы код жіберілетінін, оны пайдаланып подъезд есігін кілтсіз ашуға болатынын мәлімдейді. Алаяқтар бұл қызметтің жаңа әрі ресми екенін айтады. Шын мәнінде мұндай сервис жоқ. Келісім алған соң, алаяқтар азаматтардың жеке мәліметтерін жинайды», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция тұрғындарға мұндай қоңырауларға ешқашан сенбеуге, абай болуға кеңес береді. Шынайы домофон компаниялары ресми келісімшартсыз код арқылы кіруді қоспайды, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды және қызметтерін суық қоңыраулар арқылы ұсынбайды.

«Күдікті қоңыраулар келген жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға 102 нөмірі арқылы немесе жақын жердегі учаскелік бөлімге хабарлау ұсынылады», – дейді полиция.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: