Сенбі, 19 сәуiр, 08:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?

17.04.2025

354 0

Фото: @Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Интернет алаяқтық – заманауи технологиялардың дамуына байланысты кең таралған қылмыс түрі. Біздің елімізде де бұл мәселе өзекті болып отыр. Себебі жыл сайын мыңдаған азаматтар киберқылмыскерлердің құрбанына айналуда. Түрлі желілер арқылы алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың саны аз емес. Бүгінөңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаментінің киберпол басқармасы бастығының орынбасары Тимур Хамитов интернет алаяқтықтың алдын алу үшін өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

– Интернет алаяқтықтың басқа қылмыстарға қарағанда басты ерекшелігі – жалпақ жұрттың бәріне қатысты жасалуында болып отыр. Ол дегеніміз – қолында компьютер, смартфон, планшеті бар адам кез келген уақытта интернет алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Қылмыскерлер уақыт талабынан қалмай, азаматтардың ақшалай қаражатын жымқырудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда. Әсіресе, олар әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтымды пайдаланып отыр. Өңірде жыл басынан бері 298 дерек тіркеліп, ол жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 37,3 пайызын құрап отыр. Жыл басынан бастап облысымызда 118 интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 41 қылмыстық іс өндірістен аяқталып, түпкілікті шешім қабылданған. Қазіргі уақытта өңірімізде ең жиі кездесіп жүрген бірнеше интернет алаяқтықтың түрлері бар. Ең жиі кездесетіні – өзін ұялы байланыс операторы немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректеріңізге қол жеткізгісі келеді. Айта кету керек, Қазақстанның байланыс операторлары алаяқтық мақсатпен шетелден қоңырау шалатын нөмірлерді бұғаттайды. Осы уақытқа дейін 50 миллионнан астам қоңырау бұғатталған. Облысымызда интернет-алаяқтық қылмыстарымен айналысу мақсатында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы» құрылып, арнайы ақпараттық техникалармен жабдықталып ашу бағытында жұмыстарды атқаруда,– деді Тимур Зуфарұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: