Жұма, 21 қараша, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Алаяқтарға көмектескен 26 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі жарияланды

21.11.2025

45 0

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында алаяқтардың аса ірі көлемде қаржы жымқыруына көмектескен 26 жастағы тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, белгісіз адамдар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Орал қаласының тұрғынын алдаған.

Олар психологиялық қысым жасау арқылы аталған тұрғынды жеке депозитінен бірнеше ондаған млн теңгені шешіп алып, ақшаны курьерлік қызмет арқылы такси жүргізушілерінен беріп жіберуге көндірген.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде алаяқтарға жәрдемдескен жігіт Қызылорда облысының Арал қаласында ұсталды. Тінту кезінде одан 2 мың АҚШ доллары мен 265 мың теңге табылды. Айыпталушы өзінің әрекеті заңсыз екенін біле тұра жәбірленушінің ақшасын бірнеше мәрте қабылдап, алаяқтарға бергені анықталды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі кезде қылмыстың басқа да қатысушыларын іздестіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлады ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: