Жетісу облысында Алакөл төбесінен ұшып бара жатқан дельтаплан көлге құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды.
Аман қалған ер мен әйел адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ.
Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.
«Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр» деп хабарлады комитеттен.
Министрлік сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!