«Қазгидромет» 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес елде тұрақсыз ауа райы байқалады. Кей аймақтарда жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Сонымен қатар желдің күшеюі күтіледі.
«Кезеңнің басында, Қазақстан аумағының басым бөлігі Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклон жырасының ықпалында болады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, температураның төмендеуі болжанады. Солтүстік өңірлерде түнгі уақыттарда минус 15-28 градусқа дейін аяз болады. Ал орталық өңірлерде 15-25 градус, шығыс аймақтарда 15-30 градус аяз күтіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!