Сенбі, 18 қаңтар, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады

17.01.2025

119 0

Egemen.kz.

Синоптиктер келесі аптада қалың қар жауып, 20-35 градус аяз болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

22 қаңтардан бастап түнде температура айтарлықтай төмендейді. Еліміздің батысында ауа температурасы 10-20 градус аяз болады, солтүстік батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз, орталық пен шығыста 25-35 градус, оңтүстікте 12-25 градусқа дейін аяз көтеріледі. 

Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның ағынды бөліктері қар, бұрқасын әкеледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Елімізде жел күшейіп, тұман түседі және көктайғақ болады.

18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын түседі.

20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында қалың қар жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қалың қар түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: