25-26 желтоқсан күндері облыс аумағында қар жауып, жауын-шашын болып, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5, -10 градус аязға, күндіз 0 +5 градусқа жылы болады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің басшысы Айгерім Жөкелова қыс мезгіліндегі ауа райы болжамын айтты.
– Облыста қаңтар айында ауаның орташа айлық температурасы -4,4-10,3 градус шамасында болады. Алғашқы онкүндікте онкүндікте ауа температурасы түнде -3, -8 градус аяздан -8, -13 градусқа, күндіз 0,+5 градус жылыдан 0,-5 градус аязға аздап төмендейді. Ал, екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -20, -25 градус аязға, күндіз -10, -15 градус аязға төмендеуі болжанады. Онкүндіктің аяғында түнде -1, -6 градусқа, күндіз +2, +7 градус жылыға жоғарылайды. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -21, -26 градус аязға, күндіз -11, -16 градус аязға дейін, облыстың оңтүстігінде түнде -18 градусқа аязға, күндіз -8 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында. Жауын-шашын бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басында күтіледі. Қар айдың ортасында күтіледі. Тұман бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басы мен ортасында болуы ықтимал. Бұрқасын екінші онкүндіктің басында күтіледі. Желді 15-20 м/с дейін күшеюі ай бойы жиі болжанады. Сондай-ақ, Қызылорда облысында ақпан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1-2° жоғары, жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында норма шамасында болады деп болжануда,- деді Айгерім Болатбекқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
