Сенбі, 21 желтоқсан, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

30.04.2021

1902 0

«Қазгидромет» синоптиктері 1-3 мамырда мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктер мәліметі бойынша, елімізде 38 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, сәуірдің соңғы күндері антициклон әсерінен Қазақстанда ауа температурасы төмендейді. Алайда 2 мамырда күн жылиды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 28-36 градусқа дейін, солтүстік өңірлерде 15-23 градусқа дейін көтеріледі. 

«Бірақ циклондар әсерінен 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай соғып, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

2 мамырдан бастап батыс аймақтарға солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Олар солтүстікке жылжып, осы аудандарда жаңбыр жауады», – дейді синоптиктер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: