Жұма, 07 ақпан, 12:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Алдағы жоспар айқын

07.02.2025

12 0

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен филиал жанындағы Экология жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Онда өткен жылы атқарған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар кеңес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

Облыстық партия филиалы жанындағы экологиялық кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын және «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының шеңберінде аймақтық экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Өткен жылы Экологиялық кеңестің 5 отырысы өтіп, күн тәртібінде 9 мәселе қаралған. Соның ішінде коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті атқарушы органдармен нормативтік құқықтық актілердің орындалуы, ірі мұнай және уран өндіруші басқада да өндіріс орындарындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, сұрыптау, залалсыздандыру және жою мәселелері жан-жақты талқыланып, отырыстар қорытындысымен 15 ұсыныс көтерілген. Әр отырыс сайын көтерілген ұсыныстар тиісті республика деңгейінде мекемелерге, Министрліктерге, сондай-ақ, жергілікті мекемелерге, қала, аудан әкімдіктеріне жолданып тиісті жұмыстар атқарылған.
Сондай-ақ, Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобаларын талқыға салып, өңірдің ерекшелігіне қатысты ұсыныстар жолданған. Экологиялық кеңестің мамыр айындағы отырысы ерекше форматта өтіп, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты биологиялық тазарту станциясы мен «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС өндірістік химиялық-бактериялогиялық зертханасы жұмысына мониторинг жүргізілген.
Жиын барысында Кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов, мүшелері Светлана Кужамбердиева, Ибрагим Басықараев, Жұмабек Ембергенов, Олжас Ізмағамбетов және Әсем Сағатқызы өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, наурыз айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерінмен бірлесіп, «500 ағаш – 500 арман» акциясын бастайтындығын жариялады.
Отырыс соңында Жорабек Ибрагимұлы әріптестерін өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге қолдан келгенше жұмыс жасауға шақырды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: