Сәрсенбі, 30 шiлде, 02:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Алимент өндіру жүйесі жаңғырады

29.07.2025

114 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Жыл басынан бері жеке сот орындаушылар алимент төленбеген істері бойынша 18 млрд теңге өндірді. Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады aikyn.kz.

Палатаның айтуынша, балалардың құқықтарын қорғау жұмысы тек мәжбүрлеу шараларымен шектелмейді. Сот орындаушылар жан-жақты шешімдер іздестіріп, тіпті борышкерлерді жұмысқа орналастыруға атсалысады. Мәселен, жыл басынан мемлекеттік органдармен бірлесіп 329 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Нәтижесінде, 2 722 борышкер жұмысқа тұрған. Бұл оларға қарыздарын өтеуге және ата-аналық міндеттерін орындауға мүмкіндік берді.

– Ерлі-зайыптыларды татуластыруға және отбасын сақтап қалуға да ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері елімізде 2 221 жұп татуласқан. Батыс Қазақстан облысында тіпті қылмыстық қудалау тоқтатылды, ерлі-зайыптылар арасындағы диалог қалпына келген соң 7 қылмыстық іс жабылды. Ал міндеттемелерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда қатаң шаралар қолданады. Жеке сот орындаушылар бастамасымен 2 615 борышкер – әкімшілік жауапкершілікке, 254-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды, − деп жазылған палата хабарламасында.

Дегенмен қол жеткен нәтижелерге қарамастан, алимент өндіру жүйесін әлі де жетілдіру қажет. Осыған орай, жеке сот орындаушылар палатасы Парламент депутаттарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық түзетулерді дайындаған. Олар күз басталысымен Парламентте қаралмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: