Бейсенбі, 05 ақпан, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Алимент төлемеген такси жүргізушілер

05.02.2026

58 0

фото: KursivMedia мұрағаты

Енді алимент төлемей жүрген такси жүргізушілерін анықтауға Yandex Qazaqstan көмектеседі. Алматы қаласы прокуратурасы мен компания арасында осындай балалардың құқықтарын қорғау туралы меморандум жасалды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қала прокуратурасының дерегінше, алимент төлемей жүргендердің арасында ресми түрде жұмыссыз жүргенмен, Яндекс Такси сияқты сандық платформалар арқылы табыс тауып жүргендер бар.
 
2025 жылы сондай 110 факті анықталды, 57 адамға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. 10 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Келісім, жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді. Аталған меморандум балалар құқықтарын қорғауға және мемлекет пен әлеуметтік жауапты бизнестің өзара іс-қимылы негізінде алименттік міндеттемелерді орындаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған», – деп хабарлайды ведомстводан.

Өкінішке орай, елде алименттен жалтарып жүргендер көбейіп бара жатыр. Бір ғана Шымкентте 14 мыңға жуық адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Ал алиментке зәру балалар саны 22 мыңнан асады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: