Дүйсенбі, 13 қазан, 13:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Алкогольді онлайн сату мен жеткізуге тыйым салынуы мүмкін

13.10.2025

204 0

Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде алкоголь қылмысқа итермелейтін басты факторлардың бірі болып отыр. Жыл сайын мас күйінде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кейбір кәсіпкерлер пайда қуып, спирттік ішімдіктерді сату кезінде жас ерекшелігі мен уақыт шектеулерін бұзады. Көп жағдайда олар тәулік бойы жұмыс істейтін бар немесе кафе ретінде тіркеліп, алкоголь саудасын жалғастырады. Соңғы кезде онлайн-жеткізу де кеңінен таралған,-дейді ІІМ Ержан Сәденов.

Министр лицензиядан айыру тетігі тиімсіз екенін және ол жауапкершіліктен қашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Лицензиядан айыру тежеуші фактор емес. Ертең-ақ оны басқа тұлғаның атына қайта рәсімдеуге болады. Біз бұл мәселені ведомствоаралық комиссия деңгейіне шығардық. Ұсыныстарымыз алкогольді тек мамандандырылған дүкендер арқылы сату, лицензия санын шектеу, олардың берілуіне қатаң талаптар қою және спирттік ішімдіктің онлайн-саудасына толық тыйым салу,- деді ІІМ басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: