Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.
– 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, – деп хабарлады әуежайдан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!