Бейсенбі, 18 қыркүйек, 18:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Алматы облысында 19 жастағы сарбаз қаза тапты

18.09.2025

42 0

Фото: pixabay

Алматы облысы Мәтібұлақта әскери бөлімінде 19 жастағы сарбаз мерт болды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарбаздың қаза болғаны туралы ақпаратты әпкесі Еңлік Қалтаева Instagram парақшасында мәлімдеді.  Қалтаеваның сөзінше, әскерге өткен жылдың күзінде Даниял Шынарбек шақырылса, биыл көктем айында Дінмұхамед кеткен. 

“Екеуі бірге, қатар қызмет етті. Шынарбек Дінмұхамед небәрі 19 жаста еді. Әскери базада егіз ағасынан бөлініп, Мәтібұлақтағы (Отар) 01098 бөліміне ауыстырылды. Ал егіздерді ешқашан бөлуге болмайды. Салдарынан қайғылы жағдай орын алды. Бүгін оның «өзіне қол жұмсағанын» хабарлады. Біз сенбейміз. Ол 29 тамызда бар-жоғы 19 жасқа толған. Еңбекқор, мейірімді, болашаққа үміті мол еді. Біз қара жамылып отырмыз. Оның өз-өзіне қол жұмсағанына сен алмаймыз. Біз президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан бұл істі өз бақылауына алуын сұраймыз”, – деп жазды ол. 

Аталған жағдайға қатысты еліміздің қарулы күштері Құрлық әскерлері пікір білдірді. Олардың мәліметінше, іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүріп жатыр. 

«Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: